E-Book Content
ХҚТУ ІІІ Халықаралық Тҥркология конгресі
A.Y.Ü. ІІІ.Uluslararası Türkoloji kongresi
Лесбек ТҼШІМОВ техника ғылымдарының докторы, профессор А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің президенті
ТҤРКОЛОГИЯНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ МҼСЕЛЕЛЕРІ Тҥбі бір тҥркі халықтарының тарихы мен мҽдениетін, діні мен тілін, ҿнері мен ҽдебиетін зерттеу мҽселесі бҥгінгі кҥнге дейін ҿзектілігін жойған жоқ. «Тюркология» немесе «Тҥркітану» деп аталатын осы бір ғылым саласының тарихы соңғы бір-екі ғасырды қамтығанымен де, тҥркі тілі мен ҽдебиетіне, соның ішінде тҥркілік сҿз ҿнеріне деген қызығушылық орта ғасырлардан басталғанын кҿреміз. Мҧның жарқын дҽлелі ретінде орта ғасырлық тҥркі жазба ҽдебиет ҿкілдері мен тҥркінің тіліне жанашырлықпен қараған М.Қашқари, Ҽ.Науаи секілді саңлақтарды ерекше атап ҿтуге болады. Десек те, тҥркілердің арғы-бергі тарихы мен дҥниетанымын зерттеу мен зерделеуге Батыс жҽне орыс ориенталистері мен шығыстанушылары қызығушылығының артуы аймақтану саласының ішінде «Тюркология» деген бағыттың дамуына кҿп септігін тигізді. Соның нҽтижесінде тҥркілердің ҿткені мен келешегін зерттеуге деген қҧлшыныс пайда болды. Алайда, жасыратыны жоқ, кешегі кҥнге дейін Тҥркітану дегенде, негізінен, тҥркі жҧртының тілдік ерекшеліктері мен диалектілік қҧрылымы ғана сҿз болып келді. Басқа тҥркі халықтарының ҽдебиеттану саласына қарағанда қазақ ғалымдары бҧл ортақ тақырып жҿнінде кҿп іздене қойған жоқ. Кҿршілес жатқан ҿзбек, татар, ҽзірбайжан, тҥрік секілді халықтар ҿздерінің жазба мҧрасының тарихын кҿне дҽуірлерден бастауға қол жеткізген уақытта, қазақ ҽдебиеттану ғылымы алғашында ХVІІІ ғасыр, бертін келе ХV ғасырдағы ақын-жыраулардың шығармашылығының тҿңірегінен арыға бара алған жоқ. Сондықтан да кҿне мҽтіндер мен асыл мҧраларға баратын, сол саланы игерген ғалымдар санаты ҿсіп жетілмеді, тҥркітанушылар мектебі де қалыптаспады. Осы жағын ескере келгенде ҿзге бауырлас халықтардың ортақ рухани мҧраға деген қызығушылығының қай деңгейде ҿрбігенін ҿткен ғасырдың 60–70 жж. шыққан ҽдебиет тарихына қатысты зерттеулерінен, ғылыми еңбектерінен аңғаруға болады. Ал сол уақытта қабаттас шыққан қазақ ҽдебиеттану саласы ҿзінің жҧтаңдығымен ерекшеленеді деуге толық негіз бар. Дегенмен 80-ші жылдардың басына қарай тілші ғалымдардың «сҥзгісінен» ҿткен ҽдеби ескерткіштерге деген қызығушылық арта тҥсті. Соның нҽтижесінде Қарахандықтар билігі мен Алтын Орда тҧсындағы біраз жҽдігерлер қазақшаға тҽржімаланып, зерттеу нысанына айналғанын жоққа шығара алмаймыз. Сол жылдардан бастау алған ортақ тҥркі жазба мҧрасына деген қызығушылық еліміз егемендік алған соң жаңа қырынан кҿтеріліп, тың серпіліске ие болды десек артық айтқандық емес. Арысы кҿне дастандар, сына жазулы ескерткіштер, берісі Ислам мҽдениетінен кейін дҥниеге келген жазба жҽдігерлер біртіндеп ғылыми айналымға тҥсе бастады. Ҽсіресе, сына жазулы Кҥлтегін һҽм Тоныкҿк ескерткіштері кҿшірмесінің Астанаға алып келінуі бҧл салаға тың серпіліс берді. Соның нҽтижесінде тҥркі байырғы тарихы мен кҿне мҽдениетіне қатысты біраз еңбектер жазылды. Ғалымдардың осы салаға деген қызығушылығы артып, жергілікті жерлер мен орталықтардан Тҥркітану орталықтары бой кҿтерді. Солардың ішінде Тҥркістандағы Тҥркология ғылыми-зерттеу институтын ерекше атап ҿткен жҿн. Тҥркітануға деген қызығушылық артқанымен де, осы ғылымды қай деңгейде алып шығу мҽселесіне келгенде біраз кемшін тҧстар жоқ емес. Ең басты мҽселе – осы саланы терең тҥсінетін ғалымдардың аздығы. Басқа тарихи кезеңді айтпағанның ҿзінде, Исламнан кейінгі 3
ХҚТУ ІІІ Халықаралық Тҥркология конгресі
A.Y.Ü. ІІІ.Uluslararası Türkoloji kongresi
ҿркениеттің аясында қалам тербеген ҽдеби жҽдігерлерді тҥпнҧсқада оқитын, сол асыл шығармаларды сол заман тҧрғысынан тҥсінетін ҽрі бҥгінгі ғылым сҧранысы деңгейінде пайымдайтын мамандар жоқтың қасы. Тҥркітану саласы жалаң ҧранмен немесе қызба эмоциямен шешілмейтінін ескерсек, осы салада мынадай қажеттіліктерді шешуді басты міндет етіп қойған дҧрыс. Ең