слова назидания

Preparing link to download Please wait... Download

E-Book Overview

Уже несколько поколений совершенно разных по происхождению, убеждениям и жизненному опыту людей находили в этой книге что-то очень близкое для себя. И ни одно произведение казахской литературе не порождало столько споров, литературоведческих и не очень. Невозможно дать на эту книгу рецензию без использования речевых штампов и трюизмов, слишком уж данное произведение крупнее всего что можно сказать о нем.

E-Book Content

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы ҚАРА СӨЗ Tyulemissov Madi [email protected] 1. Бipіншi Сөз Бұл жасқа келгенше жақсы өткiздiк не, жаман өткiздiк не, əйтеуiр бiрталай өмiрiмiздi өткiздiк: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық əурешiлiктi, көре-көре келдiк. Ендi жер ортасы жасқа келдiк: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген iсiмiздiң бəрiнiң баянсызын, байлаусызын көрдiк, бəрi қоршылық екенiн бiлдiк. Ал, ендi қалған өмiрiмiздi қайтiп, не қылып өткiземiз? Соны таба алмай өзiм де қайранмын. Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кiсi бақпаса, не абартқан, көңiлi басылмаған жастар бағамын демесе, бiздi Құдай сақтасын! Мал бағу? Жoқ, баға алмаймын. Балалар өздерiне керегiнше өздерi бағар. Ендi қартайғанда қызығын өзiн түгел көре алмайтұгын, ұры, залым, тiлiмсектердiң азығын бағып беремiн деп, қалған аз ғана өмiрiмдi қор қылар жайым жоқ. Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзiн сөйлесер адам жоқ. Бiлгенiңдi кiмге үйретесiң, бiлмегенiңдi кiмнен сұрайсың? Елсiз-күнсiзде кездеменi жайып салып, қолына кезiн алып отырғанның не пайдасы бар? Мұндасып, шер тарқатысар кiсi болмаған соң, ғылым өзi бiр тез қартайтатұғын бiр күйiк. Софылық қылып, дiн бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңiлде, не көрген күнiнде бiр тыныштық жоқ, осы елде, осы жерде не қылған софылық? Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едiм, қалайша бағудың мəнiсiн де бiлмеймiн, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харакетке қосайын? Балаларымның өзiне iлгерi өмiрiнiң, бiлiмiнiң пайдасын тыныштықпен көрерлiк орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерiмдi бiле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым. Ақыры ойладым: осы ойыма келген нəрселердi қағазға жаза берейiн, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кiмде кiм ішiнен керектi сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегi жоқ десе, өз сөзiм өзiмдiкi дедiм де, ақыры осыған байладым, ендi мұнан басқа ешбiр жұмысым жоқ. 2. Екінші Сөз Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді: "енеңді ұрайын кең қолтық, шүлдіреген тəжік, арқадан үй төбесіне саламын деп қамыс артқан, бұтадан қорыққан, кез көргенде "əке-үке" десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, "сарт-сұрт деген осы" деп. Ноғайды көрсе, оны да боқтап күлуші еді: "түйеден қорыққан ноғай атқа мінсе, шаршап, жаяу жүрсе, демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңізші, түкке ыңғайы келмейтұғын, солдат ноғай, қашқын ноғай, "башалшік"1 ноғай деп. Орысқа да күлуші еді: "ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс" деп. Орыс ойына келгенін қылады деген... не айтса соған нанады, "ұзын құлақты тауып бер депті"— деп. Сонда мен ойлаушы едім: ей, Құдай-ай, бізден басқа халықтың бəрі антұрған, жаман келеді екен, ең тəуір халық біз екенбіз деп, əлгі айтылмыш сөздерді бір үлкен қызық көріп, қуанып күлуші едім. Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. Өзіменен өзі əуре болып, біріменен бірі ешбір шаһари жауласпайды. Орысқа қарамай тұрғанда қазақтың өлісінің ахиреттігін, тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды. Əке балаға қимайтұғын малыңды кірелеп, сол айдап кетіп тұрды гой. Орысқа қараған соң да, орыстың өнерлерін бізден олар көп үйреніп кетті. Үлкен байлар да, үлкен молдалар да, ептілік, қырмызылық, сыпайылық — бəрі соларда. Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, казаға да шыдайды,